Жарияланған күні: 27.12.2017 13:18
Өзгертілген күні: 27.12.2017 18:13

    Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа Кодексіне (әрі қарай – Салық кодексі) сәйкес 2018-жылдың 1-қаңтарынан бастап уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын, қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы және оған уәкілетті ұйымның айырбастау пункті (айырбастау пункттері) көрсетілген қосымшасы (қосымшалары) бар заңды тұлға тіркелген салықты төлеушілер болып табылады. 

      Тіркелген салық салу объектiсi болып уәкілетті ұйымның айырбастау пункті табылады. 
     Жаңа Салық кодексімен айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшері және ең жоғары мөлшері белгіленген.
      Сонымен бірге күнтізбелік тоқсан тіркелген салық үшін салықтық кезең болып табылады. 
     Тіркелген салықты есептеу әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
    Тіркелген салық есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнін кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жататындығын хабарлаймыз.
     Тіркелген салық бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
    Жоғарыда мазмұндалғандар негізінде қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер ретінде тіркеу есебіне қойылуға жатады. Сонымен бірге, осындай тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің тұрған жеріндегі салық  органдарында жүргізіледі.
      Жоғарыда аталған салық төлеушілерді жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер ретінде тіркеу есебіне қою уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі, ол салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
     Соған байланысты қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы және оған уәкілетті ұйымның айырбастау пункті (айырбастау пункттері) көрсетілген қосымшасы (қосымшалары) бар уәкілетті ұйымдардың назарына белгіленген нысанда жоғарыда аталған хабарламаны кейінірек ақпараттық жүйеге енгізу үшін қағаз тасығышта табыс етуге құқылы екендігі туралы мәліметті жеткіземіз.

 

БҚО бойынша МКД