- +Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 01.07.2015 16:39
Өзгертілген күні: 01.07.2015 16:40
"Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына (бұдан әрі - № 587 бұйрығы) өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 290 бұйрығына сәйкес, Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одағына кіруіне байланысты 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылатын, қосылған құн салығы бойынша декларацияның жаңа нысаны (300.00-нысан) және оның жасау қадиғалары, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысаны (320.00-нысан) және оның жасау қадиғалары бекітілді.
Сонымен қатар, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысанына (130.00-нысан), Қазақстан Республикасы азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысанына (200.00-нысан), роялти, өндіру бонусы , өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша салық есептілігін (декларация) жасау қағидаларына (500.00-нысан) аздаған өзгерістер енгізілді, Аталған өзгерістер 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Жоғарыда жазылғандар негізінде, №587 Бұйрығымен бекітілген 300.00 және 320.00 нысандары 2015 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін қолданылынатын, ал 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап №290 Бұйрығымен бекітілген 300.00 және 320.00 нысандары қолданылатынын назарларыңызға жеткіземіз.