Дата публикации: 11.04.2018 13:43
Дата изменения: 11.04.2018 13:43

        Қазақстан Республикасының 2018 жылдың 20 ақпандағы N 244 «Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес , кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомалары кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың бойынша берешектер болмаған жағдайда, төлеушінің өтініші бойынша, сол өтініште көрсетілген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебінен есепке жатқызуға жатады.

         Артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды қайтару Кодекстің 109-бабы 2-тармағы бойынша кедендік баждарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі (толықтай немесе ішінара) міндеттері орындалмағанын ескере отырып ұлттық валютада төлеушінің банктік шотына белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

         Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық төленген және (немесе) өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызуды (қайтаруды) мемлекеттік кірістер органы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

БҚО бойынша МКД Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы