Дата публикации: 15.12.2016 11:44
Дата изменения: 15.12.2016 11:47

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануға қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгертулер енгізілгенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгертулерге сәйкес,  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, аква өсіру өнімдерін (балық өсіру шаруашылығы) және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арнаулы салық режимін қолдану мақсатында меншіктік не жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің міндетті түрде болуы шарты 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып тасталынады.

Сонымен қатар, жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысқан кезде салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына бірінші жылдың алдындағы жылының 10 желтоқсанынан кешіктірмей арнаулы салық режимін қолдану туралы хабарлама ұсынатынын хабарлаймыз.

Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жер учаскесіне құқық ету туындаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін салық салу режимін қолдану туралы хабарлама жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне тіркеген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде салық органына тапсырылады.