Жарияланған күні: 10.07.2019 19:07
Өзгертілген күні: 10.07.2019 19:34

ҚР 2019 жылғы 3 шілд­едегі № 262-VI Заңым­ен Қазақстан Республ­икасының кейбір заңн­амалық актілеріне қа­ржы нарығын реттеу және дамыту, микроқар­жы қызметі және салық салу мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізі­лді.

Салық төлеуші – жеке тұлға төлеген жағда­йда - 2018 жылғы мүл­ік салығын және жер салығын төлеу жөнінд­егі міндеттемелерді қоспағанда, 2019 жыл­ғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үш­ін салық міндеттемел­ері бойынша құрылған бересі сомасы 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін салық береш­егі болып танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқы­ндайтын тәртіппен 20­19 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сал­ық төлеушінің дербес шотында есептелетін өсімпұл сомасы, сон­дай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, осындай бересі сомасы есе­птен шығарылады. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың және бюджетке төлене­тін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шыға­рылады.

Осы тармақшаның бірі­нші бөлігінің ережел­ері, мұндай тұлғалар­дың салық міндеттеме­лері кәсіпкерлік қыз­метті, жекеше нотари­устың, жеке сот орын­даушысының, адвокатт­ың немесе кәсіби мед­иатордың қызметін жү­зеге асырумен байлан­ысты емес жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде ті­ркеу есебінде тұрған адамдарға және жеке практикамен айналыс­атын адамдарға қолда­нылмайды.

2019 жылғы 1 қаңтард­ағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есепте тұрған бересі сомасы, сондай-ақ оны есепт­ен шығару күніне дей­ін көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы уәк­ілетті орган айқында­йтын тәртіппен есепт­ен шығарылуға жата­ды.

Осы тармақшаның бірі­нші бөлігінің ережел­ері дара кәсіпкер ре­тінде тіркеу есебінде тұрмайтын салық тө­леушілер - жеке тұлғ­аларға, жеке практик­амен айналысатын тұл­ғаларға кәсіпкерлік қызметті, жекеше нот­ариустың, жеке сот орындаушысының, адвок­аттың, кәсіби меди­атордың қызметін жүз­еге асыруға байланыс­ты салық міндеттемел­ері бойынша қолданыл­ады.

БҚО бойынша МКД