Жарияланған күні: 24.05.2019 12:39
Өзгертілген күні: 24.05.2019 13:18

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI Заңымен қабылданған "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 11-бабына сәйкес кеден органдары қызметінің негіз қалаушы қағидаттарының бірі заңдылық болып табылады.

Кодекстің 65-бабында тауарлардың кедендік құны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан бастапқы өту кезінде анықталатыны және мұндай тауарларға қатысты кедендік рәсім алғаш рет мәлімделгені көрсетілген.

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнының негізі осы тауарлармен мәміленің құны мәні барынша мүмкін болған дәрежеде тиіс, әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле құны жөніндегі әдіс (1-әдіс).

Өз кезегінде, атап айту керек, бұл тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға негізделуі тиіс дұрыс, сан жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпарат.

Мәлімделген кеден құны расталмаған және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен мәміле құны бойынша айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құны мынадай әдістер бойынша айқындалады: - бірдей тауарлармен мәміле құны (2 - әдіс); - біртектес тауарлармен мәміле құны (3 - әдіс); - шегеру әдісі (4-әдіс); - қосу әдісі (5-әдіс); - дәйекті қолданылатын резервтік әдіс (6-әдіс).

Сонымен бірге, тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу кезінде қаралатын мәміленің шарттары мен мән-жайлары, әкелінетін тауарлардың физикалық сипаттамалары, сапасы мен беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, әкелінетін тауарларға қатысты қолда бар мәліметтермен барынша ықтимал дәрежеде салыстырылатын кеден органының иелігіндегі ақпарат пайдаланылады.

Тауарлардың қайта белгіленген кедендік құнымен келіспеген жағдайда, Сіз Кодекстің 21-бабына сәйкес кеден органдарының шешіміне шағым беру (даулау) құқылы.

 

БҚО МКД