Жарияланған күні: 05.11.2018 13:44
Өзгертілген күні: 05.11.2018 13:45

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне жалпыұлттық назар аударылып келеді. Сондықтан Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

         Департаментпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бойынша бірлескен, ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жұмыс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға негізгі басымдылық беріледі, себебі бұл жасалған сыбайлас жемқорлықпен күреске қарағанда әлдеқайда тиімдірек, мақсаттырақ.

         Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын меңгеру жөнінде түрлі семинарлар, түсіндіру шаралары өткізіліп тұрады.

         Ағымдағы жылдың 30 қазанында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мүдделер қақтығысы институтын практикалық қолдану, мемлекеттік қызметшілермен сыйлықтар алу және беруді реттеу, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын түсіндіру жөнінде семинар өткізілді.

         Семинардың басты міндеті қызметкер санасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық теріс ісіне төзімсіздікті  қалыптастыру, сонымен қатар мүдделер қақтығысы, оны болдырмау мен реттеу міндеттері туралы қызметкерлерді ақпараттандыру болып табылады.

         Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларды тұтқындау сюжеті бар бейнероликтер  көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық фактісі, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер бойынша статистика келтірілді.