Жарияланған күні: 19.03.2018 15:35
Өзгертілген күні: 19.03.2018 15:37

Құрметті тұрғындар!

 

        Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап жалпыға ортақ декларациялау енгізілетінін хабарлайды.

       Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады.

       Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде  төмендегі жеке тұлғалар декларацияларын ұсынатын болады:

      -  Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар;

      -  кәмелетке толмаған тұлғалар - оларға тіркелген мүлік болған немесе олар кіріс алған кезде;

      -  шетелдіктер  - Қазақстанның аумағында мүлігі болған немесе өз бетімен (төлем көзінен емес) салық салуға жататын қазақстандық көздерден кіріс алған кезде. 

    Азаматтар 2020 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдары туралы мәліметтерді жеке тұлғаның 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша көрсету қажет. 

      Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады. Б

ұл ретте жыл ішінде еңбекақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа кірістерді алмаған немесе мүлігін сатпаған тұлғалар  бір парақтағы  қысқаша декларацияны нөлдік көрсеткішпен тапсыратын болады.

      Егер кірістер алынған жағдайда толық декларация ұсынылады.   

 

БҚО бойынша МКД