Жарияланған күні: 15.10.2018 19:15
Өзгертілген күні: 15.10.2018 19:16

2019 жылдын 1 қаңтарынан бастап барлық ҚҚС төлеушілері шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге міндетті.

            Шот-фактураны электрондық нысанда жазу үшін міндетті түрде электрондық шот-фактура жүйесіне тіркелу қажет. Электрондық шот-фактураны жазу ҚР Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитеті оператор болып табылатын ЭШФ АЖ жүзеге асырылады.

            Салық кодексінің 412-бабының талаптарына сәйкес, шот-фактура электрондық нысанда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазылып беріледі (жаңа нұсқа).

 

              Салық төлеушілерге ЭШФ келесідей артықшылықтарды береді.

  1. Қағаз тасығышта шот-фактуралардың  жазып беру мерзімі 7 күн болса,  ЭШФ жазып беру мерзімі  15 күнге ұлғайтылған.
  2. ЭШФ-ны шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.
  3. Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазу бойынша құқықтарды табыстау мүмкіндігі.
  4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ-ны басқару мүмкіндігі.
  5. Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07 және 300.08).
  6. Мөр дайындауға қағазды үнемдеу және қаражатты үнемдеу.
  7. Алушыға ЭШФ-ны орналасқан орнына қарамастан жедел жеткізу, сондай-ақ сатып алушы мен өнім беруші арасында ЭШФ АЖ-да хабарларымен тез алмасу мүмкіндігі.
  8. Қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ форматтық – логикалық бақылауға тексеру жүргізеді.
  9. Жеке алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша ресімдеуді болдырмау (тауарлық – көліктік жүкқұжат, төлемге арналған шоттар, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жеке деректемелерін көрсету мүмкіндігі).
  10. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, ЭШФ АЖ-ден «Қазынашылық-клиент» АЖ-ге төлеуге арналған шотты автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді.

БҚО бойынша МКД