Жарияланған күні: 27.12.2018 17:26
Өзгертілген күні: 27.12.2018 17:27

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салықтық түсімдер» санатында бюджеттік жіктемесінің кодтарын (БЖК) оңтайландыру жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Осыған орай, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, бюджетке төлемдер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1093 бұйрығын басшылыққа алуды сұраймыз.

Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz/ сайтында: «Басты бет» - «Салық заңнамасы» - «Салық кодексіне НҚА» - «2019 жылға» бөлімінде орналастырылған. Аталған бұйрықты сілтеме бойынша да жүктеуге болады.

БЖК оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстарға байланысты, салықтық берешігінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер сервисі 2018 жылдың 30 желтоқсанының сағат 20.00-ден 2019 жылғы 2 қаңтарының сағат 22.00-ге дейін қол жетімсіз болады.

Онлайн берешегі бойынша сервис www.egov.kz электрондық үкімет порталында қол жетімді болады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)