Жарияланған күні: 24.05.2019 19:34
Өзгертілген күні: 24.05.2019 19:35

Салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні

Бүгін, 24 мамырда БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" ҰКП алаңында ашық есік күнін өткізді.

Дәстүрлі Ашық есік күніне БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері УТРиПТК тарифтік реттеу бөлімінің бас маманы Аманов Қобланды Төлеуғалиұлы; УТРиПТК пост-кедендік бақылау бөлімінің бас маманы Хаймульдинов Альбек Сарсенғалиұлы; "Орал-кто" кеден бекетінің бас маманы Искаков Асқар Әділханұлы; Кедендік бақылау басқармасының бас маманы Кереев Есей Аленғалиұлы; УЭК Кедендік одақ шеңберіндегі әкімшілік ету бөлімінің бас маманы Джумабекова Динара Хамидулловна қатысты.

Бұл жұмыстың басты мақсаты - кеден заңнамасының нормаларын түсіндіру және проблемалық мәселелерді шешуде практикалық кеңес беру арқылы халықтың сауаттылығын арттыру.

Бұл іс-шараға Сыртқы-экономикалық қызметтің жеке тұлғалары белсенді қатысты.

Алдағы жазғы кезеңге және демалыс маусымына байланысты тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша көптеген сұрақтар болды.

Сондай-ақ, тауарларды кедендік декларациялау, тауарлардың кедендік құнын айқындау, пост-кедендік бақылау және кедендік әкімшілендіруге қатысты басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

Барлық сұрақтарға Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері толық жауап берді.

БҚО бойынша МКД