Жарияланған күні: 23.01.2019 17:38
Өзгертілген күні: 23.01.2019 17:55

Жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып  жүрген сұрақтарына жеке тұлғалар жедел жауапты «WhatsApp» мессенджері арқылы ала алады. Сұрақтарды
8-7000-866-001 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады. Біз жедел әрі толық жауаптарды беруге тырысамыз.

Сондай-ақ, келесі жолдармен кеңес алуға болады:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ ең өзекті салық және кеден мәселелері бойынша «1414» Бірыңғай байланыс орталығынан;

2) кеден заңнамасының мәселесі бойынша қалалық телефоннан «1412», ұялы телефоннан 8-800-080-64-52 нөмерлері бойынша
Call-орталығынан  (экономикалық салада қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуы ықтимал, не жасауға тырысқан әрекеттері, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тараптарынан сыбайлас жемқорлық және өзге де заңсыз іс-қимылдары туралы хабарламаларды (шағымдарды) қабылдайды);

3) аумақтық бөлімшелеріндегі Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасының мәселелері бойынша кеңес беру телефондары kgd.gov.kz ресми сайтының «Департамент туралы» бөлімінің «сенім телефоны» бөлімшесінде орналасқан.

БҚО бойынша МКД