Жарияланған күні: 30.10.2018 11:31
Өзгертілген күні: 30.10.2018 13:49

БҚО бойынша МКД Камералдық бақылау басқармасымен 2018 жылдың 26 қазанында жыл сайынғы семенар кеңесі келесідей тақырыптар бойынша өткізілді:Камералдық бақылау хабарламаларын өңдеу кезінде туындайтын сыбайлас - жемқорлық тәуекелдері туралы, резидент еместің Қазақстан Республикасының көздерінен алынған табыстарына салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі, нұсқаулық материалдарға енгізілген өзгерістер бойынша камералдық бақылау нәтижелерін өңдеу бойынша техниқалық оқу, камералдық бақылау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер тақыланды.

Салықтық әкімшілендірудің құрамдас бөлігі болып табылатын камералдық бақылаудың маңыздылығы мен өзектілігі баршаға мәлім. Бүгінгі күні салықтық тексерулер 30% -ға дейін қысқартылды, осыған байланысты салық төлеушілердің салық заңнамасының нормаларын бұзушылықтары камералдық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік кірістер органдарымен анықталады. Камералдық бақылау нәтижелерінен салықтық тексеруге жататын тәуекелді салық төлеушілердің базасы қалыптастырылатын болады.

Орталық аппаратпен камералдық бақылауды тиісті өлшемдерімен пысықтау бойынша аумақтардың жұмысы бағаланатындығын атап өту қажет. Біздің департамент камералдық бақылау бойынша жетекші орын алады. Бұл күнделікті және тынымсыз еңбектің нәтижесі.

Ағымдағы жылдың 9 айында камералдық бақылау нәтижелері бойынша бюджетке 4,5 млрд.теңге қосымша резерв қамтамассыз етілді.

 

БҚО бойынша МКД