Жарияланған күні: 18.06.2019 17:03
Өзгертілген күні: 18.06.2019 17:06

Қазақстан Республикасының заңнамасын халықтың дұрыс түсінуін және хабардарлығын қамтамасыз ету мақсатында семинарға қатысушыларға бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылықтары туралы түсіндірілді.
Байтерек ауданы әкімінің орынбасары Ернар Бекетовтың қатысуымен долған кездесуде, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Хангереев, БҚО бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жеңіс Беріков, БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысының бас маманы Жоламан Галиуллин, және БҚО бойынша "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-ның директоры Вячеслав Кожевников сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушы жеке тұлғалар, ауылдық округ әкімдері белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Жоғарыда көрсетілген спикерлер толық жауап берді.

БҚО бойынша МКД