Жарияланған күні: 31.10.2018 19:12
Өзгертілген күні: 01.11.2018 15:28

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы белгілі бір кезең ішінде қазақстандық қоғамның барлық саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын ауқымды стратегиялық құжат болып табылады.

30 қазан күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Президент Жолдауын түсіндіру үшін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының экономика ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Турченко баяндама жасады.

А.А.Турченко Департамент ұжымы алдындағы өз баяндамасында Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселесіне арналғанын, экономиканың инновациялық әлеуетін көтеруге бағытталғанын және Республиканың әл-ауқатын жақсарту үшін  білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік, экономика және бизнес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, агроөнеркәсіптік кешен бағыттары бойынша мемлекет алдына қойылған нақты міндеттер көрсетілгенін атап өтті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Т.Т.Шонаев Мемлекет басшысының әрбір жүзеге асырылатын Жолдауында мемлекеттің тұрақты дамуына және қазақстандықтардың өмір сапасының көтерілуіне оң әсер ететін нақты экономикалық әлеуметтік жағынан өркендеуі көрініп тұратынын айтып, жиынды қорытындылады.