Жарияланған күні: 18.10.2018 10:42
Өзгертілген күні: 18.10.2018 10:45

Бағдарланған  Мемлекеттік  Аппарат

 

МҚІСҚА аппарат басшысы Саян Ахметжанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында аппарат      басшысы Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке құрамымен кездесті.

С. Ахметжанов өз сөзінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауының негізгі ережелерін атап өтті Халықтың әл-ауқатын арттыру: табысты және өмір сапасын арттыру атты Қазақстан халқына жолдауы.

Атап айтқанда, жайлы өмір сүру ортасын құру бойынша                           (7-20-25 бағдарлама), сапалы, мектеп кедейінгі білім беруді қамтамасызету, денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және т. б. туралы іске асырылған бағдарламалар айтылды.

        Сондай-ақ, азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекеттік аппарат құру туралы, оның ішінде Қазақстанның кейбір өңірлерінде, атапайтқанда Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруды ғана емес, сондай-ақ қызметшілердің сапалық құрамын жақсартуды және мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етуді көрсеткен мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбек ақы жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруда нәтиже туралы айтылды.

Факторлық-баллдық шкала негізінде еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесінің пилоттық режимін енгізу, меритократия қағидатынсақтау, қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасызету, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру мемлекеттік органдар қызметінің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және этикалық нормаларды сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ, кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресті жалғастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің көрсетілетін қызметтер аясында халықпен тікелей байланысын төмендету туралы айтылды.

 

                                                                                  БҚО бойынша МКД