Жарияланған күні: 11.03.2019 11:49
Өзгертілген күні: 11.03.2019 11:51

Халықтың Қазақстан Республикасының салық заңнамасын дұрыс түсінуін және хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық департамент және қалалық басқарма қызметкерлері, "Атамекен" ҰКП өкілі, сондай - ақ БҚО арнайы мониторингтік тобының өкілі қатысып"Алтын-алма" базарындағы болған тұлғаларға салық салу саласындағы жаңалықтар туралы түсіндірді.

            Спикерлер ретінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ЭББ бөлімінің басшысы И. Е. Нсанбаев, ЭББ бас маманы А. А. Бимаганбетов, ТЖБ бас маманы Ж. Е. Галиуллин, Орал қаласы бойынша МКБ ТЖБ бас маманы Ж. Аубакирова, сонымен қатар "Атамекен" ҰКП бөлім басшысы Э. Б. Утешева, БҚО арнайы мониторинг тобының өкілі Л. Ж. Айтбаева сөз сөйледі.

            ЭББ бөлімінің басшысы И. Е. Нсанбаев салық төлеушілерге "ЕАЭО мүше елдерінен тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеу тәртібі", "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы", "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы"сұрақтар бойынша түсініктеме берді.

            "Атамекен" ҰКП бөлім басшысы Э. Б. Өтешева

- Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру туралы;

- ҚР азаматтарының кірістер мен мүлікті алдағы жалпыға бірдей декларациялау туралы.

            Бас маман Бимаганбетов А. А.

- 2019 жылы электрондық шот-фактураларды жазып беру міндеттемелері.

            Бас маманы Галиуллин Ж. Е.

- Салықтық рақымшылық туралы;

- Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу туралы.

            Орал қаласы бойынша МКБ бас маманы Ж. Аубакирова

- Онлайн-БКМ қолдану үшін жаңа қызмет түрлері туралы;

- Тауарлармен электрондық сауда туралы.

            Семинар барысында қатысқан жеке кәсіпкерлер мен "Алтын алма" базарында жұмыс істейтін тұлғалар белсенді қатысып, қызығушылық танытты. Облыстық департамент және қалалық басқарма қызметкерлері, "Атамекен" ҰКП өкілі, сондай-ақ БҚО арнайы мониторинг тобының өкілі толық жауап берді.

БҚО бойынша МКД