Жарияланған күні: 14.05.2019 17:47
Өзгертілген күні: 14.05.2019 17:51

Құрметті салық төлеушілер!

2019 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей салық есептілігінің мынадай нысандары ұсынылуы тиіс:

2019 жылғы 1 тоқсан үшін резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 101.03 н.

2019 жылғы 1 тоқсан үшін резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 101.04 н.

2019 жылғы 1 тоқсан үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациясы 200.00 н.

2019 жылғы 1 тоқсан үшін қосылған құн салығы бойынша декларациясы 300.00 н.

2019 жылғы наурыз үшін акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі

2019 жылғы 1 тоқсан үшін роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын  пайдаланушының қосымша төлемі бойынша декларациясы 500.00 н.

Заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларациясы (есебі) 531.00 н.:

- жер қойнауын пайдаланушылар 531.01-қосымша бойынша 2019 жылдың 1 тоқсаны үшін декларацияны табыс етеді;

- мемлекет атынан алушылар 531.02, 531.03 қосымшалар бойынша 2019 жылғы 1 тоқсаны үшін ағымдағы төлемдердің есебін ұсынады;

Егер тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем мөлшері 10 000 АЕК асатын болса 2019 жылғы 1 тоқсан үшін тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық декларациясы 560.00 н.

2019 жылғы 1 тоқсан үшін экспортқа рента салығы бойынша декларациясы 570.00 н.

2019 жылғы 1 тоқсан үшін пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларациясы 590.00 н.

1 мамырдағы жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгертілген объектілер бойынша жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық бойынша есебі 701.01 н.

2019 жылғы 1 тоқсан үшін ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларациясы 710.00 н.

2019 жылғы 1 тоқсан үшін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларациясы 860.00 н.

Төлем көлемі 100 АЕК және одан жоғары төлеушілер үшін жиынтық жылдық көлемде, жылжымалы ластану көздері бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша 2019 жылғы 1 тоқсан үшін салық декларациясы 870.00 н.