Date of publication: 11.03.2019 18:35
Date of changing: 11.03.2019 18:35

Үстіміздегі жылдың 6 наурызында, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында жалпыға бірдей салықтық декларациялауды енгізу мәселелері бойынша брифинг өтті.  Спикерлер ретінде Қаржы Вице-министрі Руслан Сатбекұлы Еңсебаев және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Талғат Шариевич Мамаев сөз сөйледі.

            Жалпыға бірдей декларациялауды қолдану салық базасын кеңейтуге және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуіне ықпал ететінін әлемдік тәжірибе дәлелдейді. Бұл мемлекетке елдің дамуы мен әлеуметтік жобаларды шешуге көбірек инвестиция салуға мүмкіндік береді.

            Р. С. Еңсебаев өз сөзінде жалпыға бірдей декларациялаудан қорқудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Керісінше, жалпыға бірдей декларациялауға көшу адал салық төлеушілер мен әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдар үшін оң аспект болып табылады.

            Халықаралық тәжірибеде жалпыға бірдей декларациялау фискалдық құрал ғана емес, халықтың әлеуметтік осал топтарын анықтауға және мемлекеттік қолдау саясатын саралап құруға мүмкіндік береді.

 

            Халықаралық тәжірибені талдаудан басқа, жалпы декларациялауды енгізуге дайындық барысында Қарағанды облысының Осакаров ауданында жеке тұлғалардың декларация тапсыру бойынша пилот өткізілді.

            Пилотты өткізу үшін әр түрлі қашықтықтағы 3 ауылдық округ анықталды (Жансары а/о, Есіл а/о, Озерное а/о).

            Пилот барысында алдын ала толтыру элементтері пысықталды.

            2153 декларация қабылданып, оның ішінде 114 (5,4%) салық төлеушіде уәкілетті органдардың мәліметтерімен алшақтықтар бар, сондай-ақ 1725 жеке тұлғаға сауалнама жүргізілді, нәтижесінде, бұл:

  • Халықтың 78,1%-ы салық есептілігін электронды түрде немесе мобильдік қосымша арқылы, қалған бөлігі қағаз тасығышта табыс етуді жөн көрді.

            Салық декларациясын толтыру бойынша проблемалық мәселелер туындаған жағдайда:

- 39,6% ХҚКО-на;

- 32% мемлекеттік кірістер басқармасына;

- 20,9% «1414»байланыс орталығына хабарласуды қалар еді.

            Өткізілген пилоттың нәтижелері бойынша, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыстарды  жүргізді.

Бірінші. Декларация нысаны оңтайландырылды және көлемі 15-тен 2 параққа дейін қысқартылды.

Екінші.  "Электрондық үкімет" порталында (E-gov.kz) тестілік режимде декларацияның электрондық нысанын толтыру сервисі іске асырылды. Мен сізге қызмет көрсету жұмысын көрсеткім келеді сөзімен аяқталады.

Сервис ЭЦҚ көмегімен декларацияда алдын ала толтырылған мәліметтерді Мемлекеттік деректер қорынан алуға мүмкіндік береді. Бұл салықтарды қосымша есептеу мен жауапкершілікке тарту бойынша ешқандай салық салдарына жауап бермейді және функционал тестілік болып табылады.

Осы функционалды пайдалана отырып, әрбір адам egov.kz жеке кабинетте активтер туралы өз мәліметтерінің өзектілігін тексере алады.

Үшінші. Жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі ережелерге кең ауқымды түсіндіруге дайындық мақсатында салық және кеден мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығы Е-gov 1414 бірыңғай республикалық байланыс орталығының белгілі нөмірі платформасында жұмыс істейтін болады. Бірінші кезекте жалпыға ортақ декларациялау мәселелері бойынша байланыс орталығы жұмысының параметрлері жүргізетін болады.

Төртінші. Деректерді өзектендіруге қатысты. Жалпы республика бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардан 19,6 млн.мәліметтер алынды, оның 26,1% - ында қателіктер бар.

2018 жыл ішінде мемлекеттік органдардың мәліметтерін өзектендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 5,1 млн. жалған мәліметтердің 99% - ы түзетілді. Қалған қажетті мәліметтерге тек жеке тұлғаның өзі қатысуымен түзету жүргізіледі.

Бесінші. Уәкілетті мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау базасында салық шегерімдерін қолдану тетіктері жетілдірілді.

            Салық шегерімдерін қолдануды сапалы әкімшілендіру үшін көп балалы отбасылар үшін, медициналық қызметтерге, оқуға және тұрғын үй ипотекасының шығыстары бойынша тиісті интеграция іске асырылды.

            Пилот барысында анықталған проблемаларды талдау Қазақстанның барлық өңірлеріне тән екенін көрсетті.

            Осыған байланысты Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу мәселесін пысықтауда.

            Бірінші кезеңде декларацияны мемлекеттік қызметшілер, олардың жұбайлары және оларға теңестірілген адамдар тапсыратын болады.

            Азаматтардың қалған санаттары келесі кезеңдерде 5 жыл ішінде декларациялаумен қамтылатын болады.

            Қазір кезеңдердің нақты мерзімдері  ерте деп айтуға болады Нормативтік-құқықтық актілерг барлық мүдделі тараптармен пысықталуына қарай тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

            Бұл ретте әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, анықталған проблемаларды және қабылданған шараларды әдістеме мен ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі