Date of publication: 28.12.2018 18:00
Date of changing: 28.12.2018 18:03

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі төмендетуге, оның мемлекет және қоғам өміріндегі түрлі салаларында туындататын себептер мен жағдайларды жоюға және алдын-алу кешенді шараларға жетекші рөл беріледі. Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның алғы шарттарын жоюға баса назар аударылады.

Осыған байланысты, Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының, сондай-ақ кез келген басқа мемлекеттік органның негізгі міндеттерінің бірі қызметкерлердің қызметтік қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, тәртіптік құқық бұзушылықтарды және мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекеттерді болдырмау болып табылады.

Тұрақты негізде Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесулер жүргізілуде, онда сеніп тапсырылған бөлімшелердегі жұмыс бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау үшін күшейтіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары мен нормаларды сақтау бойынша профилактикалық оқыту өткізіледі.

Сонымен қатар, азаматтардың  Басқарманың қызметіне деген оң имиджін қалыптастыру және сенімін арттыру, сондай-ақ жұртшылықты, бұқаралық ақпарат құралдарын сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күреске тарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне толықтай төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің беделін арттыру мақсатында, Басқарма мен кәсіпкерліктің әртүрлі салаларын білдіретін қоғамдық бірлестіктер өкілдері, кәсіпкерлік ассоциациялар басшылары қатысуымен әртүрлі семинарлар өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлық үшін негіз бола алатын, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын басқадай түсіндіруге жол бермеу үшін, салық және кеден салаларында қолданылып жүрген заңнамалардың материалдары жүйелі түрде жарық көреді.

Азаматтардың сенімін одан әрі нығайту мақсатында және мемлекеттік қызметкерлер өз лауазымын асыра пайдалану фактілері бойынша және Этика кодексінің нормаларын бұзу, құқық бұзушылық немесе қылмыстарды жасау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа тез арада жауап беруді қамтамасыз ету үшін  Басқарманың бөлімшелерінде  сенім телефоны мен шағымдар мен ұсыныстар үшін қораптар орналасқан.