Date of publication: 06.12.2018 18:49
Date of changing: 06.12.2018 18:51

     2019 жылдын 1 қаңтарынан бастап барлық ҚҚС төлеушілері шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге міндетті.

     Шот-фактураларды электронды түрде  жазып беру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайты kgd.gov.kz орналастырылған  «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (бұдан ары-ЭШФ АЖ) арқылы жүзеге асырылады.     ЭШФ АҚ тіркеу үшін электронды  сандық қолтаңбаның болуы, осыған байланысты ЭСҚ алу үшін орналасқан орны бойынша ХҚКО жүгіну қажет.

     Бұл ретте заңды тұлғаларға, заңды тұлға үшін және ұйымның басшысы үшін ЭСҚ-ны алуы қажет, ал дара кәсіпкерлерге ЭСҚ-ны ДК атына алу жеткілікті.

     Бұдан әрі, ЭСҚ кілтін алғаннан кейін, esf.gov.kz сайтының ЭШФ АҚ тіркелуі және 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап шот-фактураларды электронды түрде жазып беруді іске асыруы қажет.

     Салық төлеушілермен шот-фактураларды электронды түрде жазып беру тәртібін бұзғандығы үшін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексімен әкімшілік сипаттағы (280-1 бап) шаралар көзделген.

     Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық ҚҚС төлеушілерге уақытылы 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін, 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап шот-фактураларды электронды түрде жазып беру үшін ЭШФ АҚ тіркеуден өту қажеттілігін ескертеді.

                                                                                                                                         БҚО бойынша МКД