Date of publication: 01.12.2018 17:30
Date of changing: 01.12.2018 17:31

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінде Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің өкілдері, БҚО «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, облыстың бизнес-қауымдастығы, жер қойнауын пайдалананушылар және кедендік өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасында интеллектуалды меншік объектілерінің құқықтарын қорғау бойынша мәселелерді ақпараттандыру мақсатында «Дөңгелек үстел» өткізілді.

   Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары «Дөңгелек үстелге» қатысушыларды интеллектуалды меншік объектілерінің құқықтарын қорғау бойынша ағымдағы жылда атқарылған жұмыстарымен таныстырды.

   Тауар белгілеріне қатысты бірден-бір құқықтарды қорғау механизмі, оларды Қазақтан Республикасының интеллектуалды меншік объектілерінің кедендік реестріне кіргізу болып табылатыны айтылды. Аталған тәртіп бойынша кедендік рәсімдеу кезінде кеден органдарына реестрге кіргізілген тауар белгілеріне қатысты құқықтардың бұзылуы бойынша күдік туған жағдайда тауалардың шығарылуын 10 жұмыс күніне тоқтата тұрып, құқық иегеріне хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Есепті жылда Департамент тарапынан тауарларға арналған декларациялардың 13-не байланысты интеллектуалды меншік объектілерінің құқықтарының бұзылуы күдігімен тоқтатылған.

 Сонымен қатар, аталған сұрақтарды жүзеге асыру үшін және құқық иеленушімен тауарларды импорттаушы арасындағы келіспеушіліктерді реттеу мақсатында пайдаланылатын тиімді құралдардың бірі - медиация арқылы екі жаққа да тиімді шартта сотқа дейінгі және соттан тыс келіспеушіліктерді реттеу үшін медиатордың көмегіне жүгінуге болатыны айтылып өтті. «Халықаралық құқық қорғау орталығының» өкілі «Дөңгелек үстелге» қатысушыларға медиацияны қолдану ауқымы және принциптері туралы ақпараттарды жеткізді.

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің өкілі 2018 жылда атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Әділет департаментімен «Тауарлар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шыққан орындарының атаулары бойынша» Қазақстан Республикасы заңдарының орындауын қамтамасыз ету бойынша жоспардан тыс 20 тексеру актілері жасалғаны хабарланды.

Кездесуді қорытындылай келе Департамент қызметкерлері «Дөңгелек үстелге» қатысушыларға сындарлы әңгімелері және шараға белсенді қатысқандары үшін ризашылықтарын білдірді.
.

БҚО бойынша КБД КББ