Date of publication: 06.11.2018 19:24
Date of changing: 06.11.2018 19:25

Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кірістер органдары қызметін насихаттау және жас кәсіби кадрлар резервін қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және құқықтану факультеттерінің 2-ші және 3-ші курс студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күнін» ұйымдастырып, кездесу барысында салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Н.П.Камешева «Салық салу органдарының қызметі, міндеттері және т.б.» туралы, персоналмен жұмыс және ішкі жұмыс бөлімінің басшысы С.Б.Ахметова «Мемлекеттік қызметке орналасу қағидасы» туралы, персоналмен жұмыс және ішкі жұмыс бөлімінің бас маманы А.И.Джумагазиева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» тақырыбында дәріс оқылып, арнайы видео түсірілімдер көрсетіліп, әрі қарай болашақ маман иелеріне «Ақпараттарды қабылдау және беру орталығы», «Ақпараттарды өңдеу орталығы», Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру, Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру және уәкілетті органдармен жұмыс бөлімдері қызметтерімен арнайы жұмыс орнында толығырақ таныстрылды.