Date of publication: 19.03.2018 15:34
Date of changing: 19.03.2018 15:39

       Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексінде  электронды сауданы дамыту мақсатында тауарларды электронды сатумен айналысатын кәсіпкерлерді корпоративтік жәене жеке табыс салықтарынан толықтай босату көзделген.

       Бұл норманы кәсіпкерлер электронды саудадағы табысының үлесі жалпы жылдық табысының 90 пайызынан аз болмаған жағдайда ғана қолдана алады.

       Сонымен қатар кәсіпкерлер тауарларды интернет арқылы сату кезінде мынадай шарттарды сақтуы керек:

       - тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелер электрондық нысанда рәсімделуі тиіс;

       - тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілуі керек;

       - тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болуы тиіс немесе жүктерді тасымалдау бойынша курьерлік, пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болуы тиіс.

        Осыған орай тауарларды электронды сатумен айналысатын тұлғалар салық органдарына жекелеген қызмет түрлерін көрсететін салық төлеуші ретінде есепке тұруға хабарлама (өтініш) берулері тиіс.

 

БҚО бойынша МКД