Date of publication: 14.03.2018 11:28
Date of changing: 14.03.2018 11:32

    Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынымына сәйкес, «Азаптауға қарсы» бағытталған кешенді шаралар аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Пойменная 2/2 мекен-жайында орналасқан әкімшілік ғимаратында, айыпталушы мен ұсталған және күзетпен ұсталған тұлғаларды тергеу үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған ашық бөлме ашылды.

   Аталған бөлмеде жауаптау, тергеу әрекеттері жүргізіледі. Бұл бөлме бейнебақылау жүйесімен, компьютер, тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған арнайы техникалармен, телефон аппараттарымен, дабыл түймесімен және ашық есікпен жабдықталған.  

    Барлық тергеу әрекеттері әкімшілік ғимаратының кіреберіс бөлмесінде және кезекші бөлімінде көрсетіледі, бейнебақылау жазбасы ұзақ мерзімде сақталады. 

    Бұл алынған шаралар қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын сақталуын қамтамасыз етеді.

 

БҚО МКД