Date of publication: 03.03.2018 13:40
Date of changing: 12.03.2018 17:56

     Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі салық төлеушілердің 2017 жыл үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияларды 2018 жылдың 31 наурызына дейін тапсыру қажеттігін хабарлайды:              

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын дара кәсіпкерлер (220.00 нысан); 

2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар (240.00 нысан);

3) Қазақстан Республикасының аумағында  меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт ішінде сатылған мүліктен табыстар алған тұлғалар (240.00 нысан);               

4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алған жеке тұлғалар (240.00 нысан);                                             

5) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан, шетел банктерінің банк шоттарында 12 айлық есептік көрсеткіштен асатын ақшалары (24459х12=293508 тенге) бар  Қазақстан Республикасының азаматтары (240.00 нысан);

6) шет мемлекетте тіркеуге жататын жылжымайтын мүлі бар,        эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар(240.00 нысан).

    Сонымен қатар жеке табыс салығы бойынша декларацияны Салық кодексінің 363 бабының 1 тармағының 5-10 тармақшаларында көрсетілген (2020 жылға дейінгі қолданыстағы редакцияда) жеке тұлғалар да табыс етуі тиіс.

 

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті