Date of publication: 28.08.2017 19:40
Date of changing: 28.08.2017 19:42

      Батыс Қазақстан облсы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 23 тамыз күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 3 жыл толуына орай Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлерімен кездесуі өтті.

         Кездесуге департамент басшысы А.Ж.Жақанов қатысып, облыстық департаменттің үш жылда қол жеткізген жетістіктері мен бүгінгі күні жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. А.Ж.Жақанов ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, жас буынға көрсеткен өлшеусіз өмірлік және кәсіби тәжірбиелері үшін алғысын айтып, ардагерлік ұйымды қолдау мен көмектесуге дайын екенін жеткізді.

          Кездесуде Ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы анықталып, алдағы уақыттағы ардагерлер ұйымының  жұмыс бағыты мен қызметі талқыланды.

         Ардагерлер өз кезегінде Департамент қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тілеп, көңіл бөлгені үшін алғыстарын білдірді.