Date of publication: 03.02.2017 15:56
Date of changing: 03.02.2017 15:57

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2016 жылы ойын бизнесіндегі құқық бұзушылыққа қатысты өндірісте 26 қылмыстық істер болған.

         Анықталған 17 құқықбұзушылықтың 8 ісі – букмекерлік контораларының лицензиясыз қызмет етуі, ал 9 іс – лотереялық қызмет түрінде іс-қимыл жасауына байланысты.

Бүгінгі күні 23 қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталып, 22 іс сотқа жіберілген, 1 іс ақталмайтын негіз бойынша тоқтатылып 12 адам сотталған.

Осыған байланысты, лицензиясыз қызмет еткен 9 букмекерлік конторалардың заңсыз жұмысы және ойын автоматтардың лотереялық қызмет түрінде жұмыс  жасаған 13 орыны тоқтатылған.

Өндірісте болған қылмыстық істер бойынша 64 ойын автоматтары, 14 систалық болк, 3 ноутбук, 11 сканер, 11 термопринтер, 26 теледидар, 5 монитор, 2 модем және 1,9 млн.теңге тәлкіленді.

Сонымен қатар, биылғы жылдың қаңтар айында өткізілген жедел-тергеу шаралардың негізінде  ойын автоматтардың лотереялық қызмет түрінде жұмыс  жасаған  3орыны анықталып 6 ойын автоматтары тәлкіленген. Осы фактылар бойынша қылмыстық іс жүргізілуде.

Тұрақты негізінде профилактикалық жұмыс атқарылады. Мысал, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен жағдайларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 200-бабына сәйкес жалға берушілердің мекен жайына 14 ұсынымдар жолданған.

Сонымен қатар, интернет-казинолардың сайттарын тоқтату үшін өтініштер жолданған. Орал қаласының прокуратарасымен бірлесіп жұмыс атқару негізінде интернет-казинолардың сайттарын тоқтатуға қатысты 17 өтініштер қанағатталған.

Орта және кіші бизнес өкілдерімен профилактикалық жұмыс атқарылды. 2016ж. 28 қазан күні «Атамакен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «дөгелек стөл» өткізіліп, кәсіпкерлерге «Лотерея және лотерея қызметі» Заңының  жаңа нормалары түсіндірілген. Бұл кездесуде БҚО бойынша ІІД-нің және Орал  қаласының прокура өкілдеріде қатысып кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берген.

2016ж. 25 қараша күні Департаменттің қызметкерлері Орал  қаласының прокурасымен бірлесіп «Лотерея және лотерея қызметі» Заңының орындалуын тексеру мақсатында «ТДК-42» телеканалының, «Уральская неделя» және «Мой город» газеттер журналисттерінің қатысуымен рейд өткізілген. Ойын автоматтарының жұмыс жасап тұрғанын анықталған жерлерге мекеме қызметкерлеріне бұл терминалдарды пайдалануға тиым салынғаны туралы хабарландыру үлестірілді.